- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Гүлмира Сатыбалданың тағы...
Гүлмира Сатыбалданың тағы бір ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
14 мамыр сағат 10:00-де Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша алдын ала тыңдаулар өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот ашық түрде оффлайн режимде өтеді.
Гүлмира Сатыбалдыға қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы "Абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бас бостандығынан заңсыз айыру"; ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде мүлікті алу мақсатында бопсалау"; Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігі "Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған озбырлық" бойынша айыптар тағылды.
Іс бойынша екінші айыпталушы – оның жүргізушісі Мәди Батыршаев. Оған қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша айып тағылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы