Гүлмира Жұмаділлаева Jusan Bank-ін басқарады

Гүлмира Жұмаділлаева Jusan Bank-ін басқарады
Фото: kazvedomosti.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Jusan Bank басшысы қызметіне Гүлмира Жұмаділлаеваның кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Гүлмира Жәнібекқызы Жұмаділлаеваны First Heartland Jusan Bank АҚ басқарма төрайымы лауазымына бекітті", - делінген хабарламада.

1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржы бөлімінің аға көмекшісі болды.

Гүлмира Жұмаділлаева 2007-2021 жылдар аралығында Kaspi.kz басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан