- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Gucci, Prada және...
Gucci, Prada және Brioni: Шымкентте өткен құдалық Қазнетті таңғалдырды
Шымкентте өткен құдалықтың видеосы Қазнетте қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәстүр бойынша, күйеу жігіт жағы қалыңдықтың туыстарына және болашақ келіннің өзіне сыйлықтар берді. Әлеуметтік желі қолданушыларын сыйлықтардың ауқымы таңғалдырды.
Қалыңдыққа тон, орамал, шалбарлы костюм (MaxMara), Prada кроссовкасын және Gucci сөмкесін берді. Ал қалыңдықтың әкесіне Brioni күрткесі мен жейдесін, анасына Fendi тренчі мен MaxMara орамалын, ал әжесіне MaxMara орамалы мен пальтосын берді. Ал ағасына ақша салынған конверт, жеңгесіне Marc Jacobs сөмкесін сыйға тартты. Тіпті, қалыңдықтың сіңлісі мен інілері де сыйлықсыз қалмады.
Мұндай салтанатты сыйлықтар әлеуметтік желі қолданушылары арасында екі түрлі пікір тудырды. Бірі бұл отбасы үшін қуанса, басқалары бұлай жалпыға көрсетіп, мақтануды дұрыс санамады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ақша болса, неге осылай сәнді әрі ұзақ киілетін кәде жасамасқа?! Байып кетпейді брендтен, сыйластықтың (мың жылға) белгісі!", "Осы қазақтар мақтануды қашан қояды екен, ысырапшылдық", "Керек емес деп ойлаймын осындай дәстүр. 21 ғасыр ғой. Ақша шашудың қажеті жоқ", "Бұл қуанышты сәт, мүмкіндік болса, неге жасамасқа!", - деп жазып жатыр әлеуметтік желі қолданушылары.
Видео авторы - 25 жастағы блогер Дана Райымбек. Ол күйеуімен және кішкентай баласымен Шымкентте тұрады.
А. Жапатова"Күйеуімнің қарындасы күйеуге шықты. Видео Шымкентте "Сырға салу/Құдалық" өткен бақта сәуірдің соңында түсірілді. Мен оқырмандарыммен өмірімдегі сәттермен бөлісемін, себебі мен лайфстайл блог жүргіземін. Сондықтан да отбасымыздағы қуанышты сәтпен бөлісіп, роликті жариялаған болатынмын. Мен видеоларымның танымал болып кететініне үйреніп кеттім, ол барлығының бірдей көңілінен шықпағанын білемін, алайда жастарға бақыт тілеп, жақсы сөздер жазғандар да болды. Ондай адамдарға алғыс білдіргім келеді", - деді блогер Tengri Life порталына.