Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили үкімет басшысы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Грузия Online"-ға сілтеме жасап.
Ол бұл туралы үкімет әкімшілігінде өткен брифингте айтты.
"Командамен талқылаған шешімді жұртшылыққа жеткізгім келеді, бүгін мен премьер-министр қызметінен кетемін", - деді Ираклий Гарибашвили.
Айта кетейік, Ираклий Гарибашвили Грузияның премьер-министрі қызметіне алғаш рет 2013 жылы келген еді. Содан кейін ол бұл қызметке "Грузин арманының" негізін қалаушы Бидзина Иванишвили келді, бірақ ол 2015 жылы 30 желтоқсанда отставкаға кетті.
Одан кейін Ираклий Гарибашвилидің орнына Грузия премьер-министрі болып Гиоргий Квирикашвили келді.
Ираклий Гарибашвили Грузия үкіметінің басшысы лауазымына екінші рет келгенге дейін елдің қорғаныс министрлігін басқарды, ал 2021 жылғы 22 ақпанда Гиоргий Гахарияның орнына екінші рет премьер-министр лауазымына келді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!