Грузияға бару үшін қанша қаржы керек?

Грузияға бару үшін қанша қаржы керек?
Фото: Батуми, Грузия ©Pixabay

Жиһанкез, саяхатшы, блогер Руслан Меделбек Instagram-парақшасында Грузияға мамыр-маусым айында бір апталық саяхат үшін қанша шығын кететінін есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Билет

Қазақстаннан Грузияға Fly Arystan арқылы арзанға баруға болады. Алматы-Ақтау-Кутаиси бағыты бойынша билетті бір ай бұрын алсаңыз, жүксіз биелт 115-120 мың теңгеге шығады.

Қонақүй

Кутаиси, Батуми, Тбилисиде қонақүй бағасы бірдей, яғни қымбат емес. Шағын қонақүйге тоқтаймын десеңіз, бір адамға бір аптаға таңғы аспен 45 мың теңге кетеді. 3-5 жұлдызды қонақүйде тұру қымбатырақ.

Тағам

Грузияда тамақ та аса қымбат емес. Бір апта бойы орташа кафе, рестораннан тамақ ішем десеңіз, 50 мың теңге шығын кетеді.

Жол шығыны

Одан кейін Кутаиси, Батуми, Тбилиси арасына қатынау үшін жол шығынына, Кутаисидегі Мартвиль, Окаце шатқалдарына; Промотей үңгіріне; Мцхета қаласына, басқа да туристік мекендерге баруға; билет алуға кемі 110 мың теңге кетеді.

Грузияға жеті күн қыдырып қайту үшін бір адамға кемі 315-325 мың теңге шығын кетеді.

"Бастысы билетті кемі бір жарым-екі ай бұрын аламыз. Бұл - бір адамға есептелген шығын", - деп жазған блогер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Меделбек | ЖИҺАНКЕЗ? (@rus_medelbek)

Еске салайық, бұған дейін "Махаббат қаласы" Парижге саяхаттау үшін қанша қаражат кететінін есептеген едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек