“Грузиядан көлік әкеліп беремін“: Ақтөбеде жұртты алдаған адам ұсталды

Ақтөбеде екі азаматты алдады деген күдікпен 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Грузиядан көлік әкеліп беремін деп уәде етіп, жәбірленушіден 800 мың теңге алған. Ал екінші жағдайда 250 мың теңге көлемінде сыйақыға жүргізуші куәлігін алуға көмектесетінін айтқан.

Алайда күдікті ешбір уәдесін орындамай, алған ақшаны өз пайдасына жаратқан.

"Бұл дерекке қатысты алаяқтық бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деді ІІМ өкілі.

Еске салайық, бұған дейін осындай алаяқтық жасаған күдікті Польшадан экстрадицияланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!