Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің көмегімен бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тбилисиден экстрадициялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2020 жылы күдікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен субсидия алуға көмек көрсету сылтауымен Ұлытау облысының 88 тұрғынының қаражатын иемденіп, жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
"Екі сыбайласы әртүрлі жазаға тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып жүрген, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды", - деп хабарлады Бас прокуратура.
2024 жылы ол Грузия аумағында анықталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазір күдікті Ақтаудың тергеу изоляторына қамауға алынды.
"Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!