Грузияда ұсталған қазақстандық елге оралу үшін қыруар ақша төледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Халықаралық іздеуде жүрген сотталушы 2024 жылғы шілдеде Грузияда ұсталған. Оны Қазақстанға экстрадициялау барысында мемлекет бюджетінен 1,7 млн теңгеден аса қаражат жұмсалған.
"Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты әл-Фараби ауданы прокуратурасының шығынды өтеу туралы талабын толық қанағаттандырды. Барлық шығын толықтай мемлекет пайдасына өндірілді", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова