Грузияда өлі табылған қазақстандық журналистің ісіне қатысты күтпеген деректер айтылды

Грузияда өлі табылған қазақстандық журналистің ісіне қатысты күтпеген деректер айтылды

Грузияның Ішкі істер министрлігі қазақстандық журналистің өліміне қатысты күтпеген деректер айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлк мәліметінше, Кахетия полициясы қасақана өлім дерегін анықтаған. Күдікті ретінде бір адам ұсталған. Күдікті Г.Х-ны Кахетияның Полиция департаменті өкілдері жедел-іздестіру шараларының барысында анықтаған.  

Ол жасаған қылмысы үшін 10 жыл мен 15 жыл мерзімі аралығында сотталуы мүмкін. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті жанжал барысында шетелдік әйелді (қазақстандық журналиске-еск.) қатты затпен ұрған. 

Г.Х әйелдің денесін өзенге лақтырып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен. Қылмыстық іс Грузияның Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша тіркелді. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық журналист Грузияда өлтірілгені хабарланған болатын. Жанбота Төлеген соңғы рет 19 мамырда әріптесімен байланысқа шыққан. Назира Дәрімбеттің айтуынша, журналистің сыныптастары оның Грузияда өлтірілгенін айтқан.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина