- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Грузияда журналист Жанбота...
Грузияда журналист Жанбота Төлегенді өлтірген адамға үкім шықты
Грузияда сот қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірген адамға үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот 50 жастағы Габриэль Хохобашвилиді 11 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы NeMolchi.kz қоры Instagram-парақшасында хабарлады.
Сот қылмыс квалификациясын өзгертіп, "пайдақорлық мақсатта кісі өлтіру" себебін дәлелденбегенін айтты. Іс прокуроры бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіретіні атап өтілді.
Сот құқықбұзушының өз кінәсін мойындауын мен балалардың болуын ескерді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық журналист Грузияда өлтірілгені хабарланған болатын. Жанбота Төлеген соңғы рет 19 мамырда әріптесімен байланысқа шыққан. Назира Дәрімбеттің айтуынша, журналистің сыныптастары оның Грузияда өлтірілгенін айтқан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек