Тбилисиде Қазақстан мен Грузия азаматы арасында жанжал шығып, соның салдарынан отандасымыз көп жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Грузия Бас прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.
Грузия Бас прокуратурасының хабарлауынша, 14 қарашада Тбилисидегі Нино Жвания көшесінде итін серуендетіп жүрген Иттерді құтқару және қорғау қауымдастығының жетекшісі Тамаз Элизбарашвилидің ұлы Гурам Елизбарашвили мен баласы оқиға орнына жақын маңдағы балабақшаға баратын Қазақстан азаматының арасында жанжал шыққан. Interpressnews грузиялық ақпарат құралының хабарлауынша, иттің иесі мен Қазақстан азаматы итті алып жүру бойынша жанжалдасып қалған.
Кейін елдің ішкі істер министрлігі Грузия Қылмыстық кодексінің 117 және 236-баптары бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және заңсыз қару алып жүру") тергеуді бастады.
Тергеуден кейін Грузияның бас прокуратурасы Гурам Елизбарашвилиге айып тақты.
"Ішкі істер министрлігі жүргізген тергеу нәтижесінде Тбилисиде 14 қарашада сағат 08:50 шамасында Қазақстан азаматы С.М. баласын балабақшаға тастап кеткеннен кейін, оның және айыпталушы Гурам Елизбарашвилидің арасында Нино Жвания көшесінде жанжал шыққаны анықталды. Атап айтқанда, Қазақстан азаматы айыпталушыға балабақша аумағында итті алып жүргені үшін ескерту жасап, кейін жанжалға ұласқан", - делінген Грузия Бас прокуратурасының хабарламасында.
Департаменттің хабарлауынша, Гурам Элизбарашвили бұрын қасақана кісі өлтіргені үшін сотталған.
"Конфликт кезінде Гурам Элизбарашвили С.М.-ға қарай қарумен бірнеше рет оқ атқан, салдарынан ол жәбірленушінің екі аяғына көп жарақат салған", - делінген прокуратураның хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, жәбірленушіге атқан оқтың бірінің салдарынан Гурам Елизбарашвили абайсызда тізе аймағынан оқ жарақатын алған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!