Грузия туристер үшін коронавирус шектеулерін алып тастады. Жаңа шаралар 15 маусымда күшіне енді. Бұл туралы АТОР жазды, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
"Шетелден келетін кез келген адам (азаматтығына қарамастан) COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын немесе 72 сағатқа жарайтын ПТР тесттің теріс нұсқасын растайтын құжатты ұсыну міндетінен босатылады", – делінген Грузия премьер-министрі қол қойған құжатта.
Бұған дейін туроператорлар Грузия - қазақстандық туристер арасында сүйікті елге айналған жаңа бағыттардың бірі екенін айтқан болатын. Алдын ала болжам бойынша, биыл Грузияға турлар өткен жылмен салыстырғанда шамамен 50 пайызға артық сатылады.