Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында тікұшақ құлады. Ол түрік әскери тікұшағы болуы мүмкін. Бұл туралы бірқатар БАҚ жазып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақпарат құралдары "Имеди" телеарнасына сілтеме жасаған.
"Алдын ала ақпарат бойынша Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында түрік әскери тікұшағы құлады", - деп жазылған телеарнаның Instagram парақшасында.
Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы да мәлімет түспеген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова