Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген адам Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол экономикалық қызмет саласында бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында елге жеткізілген.
Тергеу барысында күдікті 2019-2021 жылдар аралығында ұйымдасқан топ құрамында Қазақстанның әртүрлі өңірінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарғаны анықталған.
"Қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекеті салдарынан 10 млрд теңгеден аса қаражат тартылған. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған. Ол 2026 жылы ақпанда Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Күдікті қазір тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова