Грузия ауыр қылмыс жасады деген күдіктіні Қазақстанға қайтарды

Грузия ауыр қылмыс жасады деген күдіктіні Қазақстанға қайтарды
Фото: Видео кадры

Қаржы пирамидасын басқарғаны үшін іздеуде жүрген адам Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті Астанада World Busines Consulting қаржы пирамидасының құрылымын басқарған. Оның бөлімшелер желісі 2018-2022 жылдары Қазақстанның түрлі өңірінде азаматтарға жоғары пайда табатынын айтып, 6,5 млрд теңгеден аса қаржыны заңсыз тартқан.  

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды. 2025 жылғы қарашада ол Грузияда ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget