- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Грузин ерекшелігі жаңа...
Грузин ерекшелігі жаңа дыбыспен. Simi триосы Ethnotronica Almaty-да өнер көрсетеді
Осы күздің басты оқиғасы - Ethnotronica Almaty фестивалінде Грузия атынан Simi триосы өнер көрсетеді.
Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash & Carry. Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қала күні аясында өткізіледі.
Үш сағаттық эксклюзив dance-шоу 10 қыркүйекте қаланың басты open-air алаңы - Республика сарайының алдындағы Абай алаңында (Абай-Достық) өтеді. Кіру тегін.
Simi вокалдық триосы 1988 жылы құрылған. Ұжым құрамында Заза Вепхвадзе, Зураб Цкитишвили, Каха Асланишвили бар. Трио гастрольдік сапармен барлық континентке, көптеген елге барған. Тек Францияның өзінде орындаушылар 500-ден аса концерт берген. Ұжым Грузияның ордендерімен марапатталды.
"Сәлеметсіздер ме! Біз грузиялық Simi триосымыз. Күздің басты концерті - Ethnotronica Almaty-да кездескенше. Аз уақыт қана қалды. Сіздермен кездесуді асыға күтеміз. 10 қыркүйекте, Республика сарайының алдындағы алаңда. Кездескенше!" - деді музыканттар бейнеүндеуінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ, шоуға world music жанрында өнер көрсететін Жомбор Фехер (Мажарстан), Чылтыс Таннагашева (Тау Шориясы), Abbos (Өзбекстан), Steppe Sons (Қазақстан), Simi (Грузия) секілді орындаушылар мен топтар, сондай-ақ, қазақстандық электрон сахна әртістерінен Kokonja, Edige, Ruus және жеке музыканттардан Layla-Qobyz (Қазақстан), Nuketai, Айжан Бектұрған (Қазақстан) қатысады.
Ethnotronica Almaty үшін арнайы дайындалып жатқан эксклюзив бағдарлама туралы толығырақ фестиваль директоры Раушан Жұманиязова айтып берді:
"Бағдарламада серпінді музыкадан, тіпті индустриялық, кей жерде дабыл қақтыратын, біздің заманауи әлемімізді бейнелейтін және пластика энергиясы арқылы, рефлексия мен әлемді философиялық түсіну арқылы позитив пен қазақ айдентикасына алып келетін жалпы сюжеттік желі бар. Біз саналы шешімге достық жолмен келуді ұсынамыз: әлемді болжау мүмкін емесін және соған қарамастан, үйлесімді екенін қабылдау. Қазіргі заман музыкалық бағдарламада дәстүрмен үйлеседі. Тамырың терең бойлап, дамуды тоқтатпасаң, болашақты көзі ашық адам ретінде жасауға дайынсың. Бүгінмен өмір сүру, сенен бұрынғы буын жасаған нәрсені бағалау, бірақ сонымен бірге өткенді мұражайдың бір бөлігі ретінде емес, өзіңнің табиғи бөлігің ретінде қабылдау. Ethnotronica Almaty-ға келіңіздер, "бүгінімізде" бірге болайық!".
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ethnotronica Almaty музыкалық бағдарламасы этникалық сарын электрон музыкамен үйлесім тапқан XXI ғасырдың үнін ұсынады. Өйткені қазіргі музыка тілі мен технология бір-бірін дамытып, өзара ықпалдасады. Музыканттарды іздеу жаңа гаджеттер мен қызметтің пайда болуына ықпал етеді, ал технологиялар музыканы жаңаша жасауға мүмкіндік береді.
Музыканттардың өнері real-time режиміндегі LED-дисплейлерде және онлайн-алаңдарда тікелей эфирде көрсетіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш