- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ГРМ белдігін қашан...
ГРМ белдігін қашан және қанша шақырымнан кейін ауыстыру керек?
Көлік қозғалтқышында газ тарату механизмінің (ГРМ) жетек белдігі өте маңызды рөл атқарады. Оның үзіліп немесе орнынан шығып кетуі жүргізушіге үлкен шығын әкелуі мүмкін. Ал белдікті қанша шақырымда ауыстырған жөн? Massaget.kz тілшісі мамандармен кеңесіп, біліп көрді.
Газ тарату механизмі цилиндрлерге дер кезінде ауа немесе жанғыш қоспа жеткізу және пайдаланылған газдың шығуын реттеу үшін қажет. Оның белдік түрі де, тізбек түрі де бар. Бірақ қазіргі таңдағы көліктердің басым көпшілігінде белдік түрі орнатылған. Газ тарату механизімінің жетек белдігін ауысытырып тұру қажет. Себебі белдіктің үзіліп кетуі маторыңызды жарамсыз жағдайға дейін жеткізуі әбден мүмкін. Егер сіз өз көлігіңіздің жағдайын толық бағамдап, қозғалтқышымен жақсы таныс болсаңыз шамамен 75-100 мың шақырым жүргеннен соң белдікті ауыстыру қажет.
Әрбір автомобиль өндірушісі сатып алушыға техникалық қызмет көрсету кітабын ұсынады. Онда көліктегі компоненттерді нақты қашан өзгерту керек екендігі көрсетілген. Бірақ сіз тек регламентке ғана емес, жетек белдікті белгіленген уақыттан бұрын ауыстыруды меңзейтін белгілерге назар салыңыз. Мысалы белдікте жарықтар пайда болса лезде ауыстыруға тура келеді.
Көп жағдайда көлік құралын өндіруші компания белдікті ауыстырудың ауқымын 60 мың км-ден 120 мың шақырымға дейін деп көрсетеді. Алайда бұл темір тұлпар тізгіншісінің көлікті қаншалықты ұқыпты айдағанына байланысты. Осыған байланысты автомобильдің қызмет ету ұзақтығы да артады. Ал егер сіз көлігіңізді сирек айдайтын болсаңыз онда белдік серпімділгін жоғалтып, резеңке қатты күйге түседі. Мұндай жағдайда газ тарату механизмінің (ГРМ) жетек белдігін ауыстырып тастаған абзал.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов