Грекияның Гидра аралында қазақстандықтардың кінәсінен өрт шыққан: ІІМ түсінік берді

Қазақстанның ішкі істер министрлігі Грекияның Гидра аралындағы өрт туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, өрт қазақстандықтардың кінәсінен шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына ҚР Ішкі істер министрлігі азаматтарымыздың шетелдегі кез келген әрекеті (халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда) сол елдің заңнамасына сәйкес шешілетінін хабарлады. 

"Ішкі істер министрлігіне Грекияның құқық қорғау органдарынан Қазақстан Бас прокуратурасынан аталған факті бойынша сұрау (нұсқау) түскен жоқ", - делінген ІІМ-нің жауабында.
 

Бұған дейін грекиялық ақпарат құралдары 21 маусым күні кешке демалушылардың жалға алған қайығынан жағаға отшашу шашқанын, соның салдарынан Гидра аралындағы қарағайлы орманда өрт шыққанын хабарлаған. Қайықта Қазақстанның 10 азаматы болған деген болжам бар.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Грекиядағы консулымыздың осы іске қатысты жергілікті билікке хабарласқанын хабарлады. Полицияның хабарлауынша, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға да ешқандай талап қойылмаған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!