Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Грекияда жолда бұрылыс көрсеткіштерін қоспайтын адамдарды ұрып-соғуға рұқсат беретін ерекше заң туралы жазды. Stopfake.kz мәліметінше, бұл шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кез келген елдегідей Грекияда да жол қозғалысы ережелері мен оларды сақтамағаны үшін жазалау жүйесі бар.
Атап айтқанда, көлік құралдарын маневрлеу нормаларын сипаттайтын Ереженің 21-бабында былай жазылған:
"Әрбір маневр алдында жүргізуші бұрылыс көрсеткіштерін пайдалана отырып, өз ниеті туралы уақытылы хабарлауға, ал олар іске қосылмаған жағдайда қолымен белгі беруге міндетті".
Осы бапта басқа жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін маневр жасаған жүргізушіге 700 еуро айыппұл салынады және сол жерде 30 күнге көлік жүргізу құқығынан айырылады делінген. Жол қозғалысы ережелерінде бұзушыларды ұрып-соғу туралы сөз жоқ.
Сонымен қатар Грекияның Қылмыстық кодексінде дене жарақатын алу немесе басқа адамның денсаулығына зиян келтіру екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға және ақшалай айыппұл салуға жазаланады делінген. Бір адам екіншісін соққыға жыққаны үшін тек өзін-өзі қорғаған жағдайда ғана ақталып шыға алады. Жол қозғалысы ережелерін сақтамау ұрып-соғу айыптарын босатпайды.
Желіде грек тілінде "соққы", "жол" және "бұрылыс көрсеткіштері" кілт сөздері бойынша іздегенде, ештеңе шықпайды.
Демек, Грекияда ескертпей бұрылғандарды ұрып-соғуға болатындығы туралы хабарлама – фейк. Грекияда да басқа елдердегідей, адамды ұрып-соғу заңмен жазаланатын қылмыс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!