- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Грекия аралындағы өрт:...
Грекия аралындағы өрт: кәсіпкер Данияр Әбілғазин мәлімдеме жасады
Грекия аралындағы өртке қатысты кәсіпкер Данияр Әбілғазин мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Forbes Kazakhstan-ға сілтеме жасап.
"Түсінікті болуы үшін айтайын, "Персефони I" яхтасын 2024 жылдғы 15 маусымда сағат 12.00-ден (түстен кейін) 2024 жылғы 22 маусым сағат 12.00-ге дейін Грекия аралдарында өзіме, қонақтарыма круиз ұйымдастыру үшін жалға алдым. Бұрыннан кететін уақытымыз 22 маусымға жоспарланған еді. Грекиядан кетер алдында бізбен Грекия билігінің өкілдері сөйлесті, олар маған немесе менің қонақтарыма осы оқиғаға байланысты ешқандай шағым айтпады. Осылайша біз алдын ала жоспарланған саяхат жоспарымен жүрдік. Кейбір қонақтар 2024 жылы 21 маусымда таңертең кетіп қалған еді.
Қайта оралғаннан кейін баспасөзде айтылып жатқан айыптарды білу күтпеген жайт болды, қандай да бір құқықбұзушылық жасалғанын үзілді-кесілді жоққа шығарамын. Мен де, менің қонақтарым да аяғы өртке әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасаған жоқ. Біз яхтадағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтадық. Мен де, менің қонақтарым да яхта экипажынан немесе басқа адамдардан арты өрт әкеп соғуы мүмкін қандай да бір әрекеттерді жасауды сұраған жоқ. Біз әрқашан қауіпсіздік шараларын және мұндай оқиғаларды болдырмау үшін нормаларды қатаң сақтаймыз. Біз грек билігімен олар жүргізетін тергеу аясында ынтымақтасамыз", - деді кәсіпкер.
Айта кетейік, Грекияның бұқаралық ақпарат құралдары 21 маусымда кешке демалушылар жалға алған яхтада отшашу ата бастағаны жөнінде ақпарат таратты. Салдарынан қарағайлы орманда өрт басталған. Кейінірек оқиғаға қатысы барлар, соның ішінде экипаж мүшелері де ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Олардан Вульягмени маңындағы жағалау күзетінің орталығында жауап алынатыны айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Грекия аралындағы өртке қатысты Қазақстанның СІМ мәлімдеме жасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова