Грек-рим күресінің шеберлері халықаралық турнирде бес медаль жеңіп алды

Грек-рим күресінің шеберлері халықаралық турнирде бес медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Ресейдің Новосибирск қаласында грек-рим күресінен Аксенов мемориалы аяқталып, қазақстандық балуандар жүлдегерлер қатарынан көрінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Турнир барысында екі қазақстандық балуан финалға шығып, бірі алтын, бірі күміс иеленді. 

Атап айтар болсақ, 55 келідегі Аманғали Бекболатов күміске қол жеткізсе, Ғалым Қабдунасаров 60 келіде  чемпион атанды. 

Биылғы Азия чемпионы Ержет Жарылқасын мен әлем чемпионатының жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов (екеуі де 63 келі) турнирдің қола медалін жеңіп алды. 

72 келі салмақта Әділхан Сатаев үздік үштікке енді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан