Гранттан қағылған талапкерлер қайда хабарласуы керек?

Гранттан қағылған талапкерлер қайда хабарласуы керек?
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда жоғары оқу орындарында білім алу үшін білім грантын жеңіп ала алмаған талапкерлер үшін байланыс орталығы іске қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында call-орталық жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Call-орталық арқылы талапкер қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала алады:

  • 8 (7172) 69-50-69;
  • 8 (7172) 69-52-92;
  • 8 (7172) 69-50-71.

Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан