Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тізімді мына жақтан көруге болады.
Мемлекеттік білім гранттарын бөлу туралы шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдады. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, білім саласындағы кәсіподақ ұйымдарының мүшелері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында бакалавриат бағдарламасы бойынша шамамен 75 мың білім гранты бөлінген. Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлерден 127 мыңға жуық өтініш түскен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!