- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Спорт жаңалықтары
Grand Slam: қазақстандық дзюдошылардың қарсыластары белгілі болды
Фото:
International Judo Federation
7 желтоқсанда дзюдодан Токиода (Жапония) Grand Slam турнирі басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Турнир алдында өткен жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды:
Ерлер:
- 60 келі: Дәурен Сүйкенов - Мишель Аугусто (Бразилия)
- 60 келі: Шерзод Давлатов - Матей Александру (Румыния)/Елк Казирбиек (Моңғолия) жұбының жеңімпазы
- 73 келі: Бақытжан Әбдірахманов - Лучиан Борс (Румыния)
- 81 келі: Жалғас Қайролла - Кайто Амано (Жапония)
- 90 келі: Мейірлан Максим - Намхун Ли (Оңтүстік Корея)
- 100 келі: Әділет Сапарғалиев - Энхбаяр Алтаншағай (Моңғолия)
Әйелдер:
- 52 келі: Толғанай Әбеуова - Нанако Цубоне (Жапония)
- 57 келі: Дана Әбдірова - Ариунзая Тербиш (Моңғолия)
- 63 келі: Самалай Ерғалиева - Мегуми Хорикава (Жапония)
- 78 келі жоғары: Назгүл Маратова - Майя Сегава (Жапония)
- 78 келі жоғары: Карина Такиева - Рури Такахаши (Жапония)
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан