Танымал әнші Әлішер Каримов "1001 түн" бағдарламасында ең алғаш сахна төріне шыққан кезін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, ең бірінші гонорары бір шоколад болған.
"Негізі үлкен сахнаға 2004 жылы Әлия әнімен шығып бүкіл елген танылдым.
Ең алғаш 1991 жылы Таразға әкемнің әпкесі өз ұлын "Әнші балапанға" дайындаған. Мен жоспрада болмадым. Байқауға бір апта қалған кезде ағамның тісі түсіп қалды. Содан әкем мен әпкем бір аптаның ішінде мені дайындады. Байқауға "Чайхана" әнімен шықтым. Ол кезде мен 5 жаста болғанмын, дым түсінбегенмін. Дайындық кезінде қорқып сахнадан қашып кеткен де кезім болған, сонда әкем саған шоколад алып беремін, тек сахнаға шықшы деп айтты. Менің алғашқы гонорарым да осы шоколад болды", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!