Гонконгте танымал мейрамхана суға батып кетті

Гонконгтегі әйгілі Jumbo атты мейрамхана Оңтүстік Қытай теңізіне апара жатқан кезде суға батып кетті, - деп хабарлайды Daily Mail.

Гонконгтің әйгілі жері болған Jumbo Kingdom "жүзетін сарайы" 50 жылға жуық тұрған порттан шығарылғанына бірнеше күн өткен соң батып кеткен.

©REUTERS 

Aberdeen Restaurant Enterprises мәліметтеріне сәйкес, мейрамхана секілді кеме Парасель аралдары деген атауға ие Сиша аралдарының маңынан жүзген кезінде қолайсыз жағдайға тап болған, сөйтіп, суға батып кеткен.

Экипаж мүшелері зардап шекпеген, бірақ кемені құтқару мүмкін болмаған.

©REUTERS

Ұзындығы 80 метрге жуық Jumbo мейрамханасы қырық жыл ішінде Гонконгтің көрікті жері болған. Онда 3 миллионнан аса қонақ, соның ішінде Ұлыбритания патшайымы Елизавета II мен актер Том Круз болған.

©REUTERS

Алайда пандемия басталғаннан бері нысан жабық болған. Шығын, қымбат техникалық қызмет көрсетудің қиындықтарына байланысты оператор оны жергілікті "Мұхит саябағына" тегін беруге шешім қабылдаған, бірақ онда да осы себептерге байланысты қабылданбаған. Нәтижесінде, олар мейрамхананы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қалаға апарып, шетелде әрі қарай жалғастыруды ұйғарған.