"Головкиннің жолын қумақшы ма?" Назым Қызайбай кәсіпқой боксқа кеткісі келетінін айтты

"Головкиннің жолын қумақшы ма?" Назым Қызайбай кәсіпқой боксқа кеткісі келетінін айтты
Фото: фото: Владислав Семенов

Кеше ғана бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Назым Қызайбай кәсіпқой боксқа кеткісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы бұл туралы журналист Аслан Қаженовке берген сұхбатында айтқан. 

"Бокссыз өмірімді елестете алмаймын. Біраз демалып, жаттығуға кірісемін. Алда әлем чемпионаттары бар. Өзім кәсіби боксқа қатты қызығамын. Бірақ енді менің салмағым қалай болады? Қыздардың шығуы қиын ғой. Көргім келеді. Көбі маған кәсіби боксқа икемің бар деп жиі айтады. Бірақ әлі былай-былай болады деп айта алмаймын", - деді боксшы. 

Назым Қызайбайға жанкүйерлерінің бірі "кәсіпқой боксқа барма" деп кеңес берген. 

"Кәсіпқой бокс керек емес қыз балаға, зақым келеді басына. Денсаулықты ойлау керек, тұрмысқа шығу керек. Қайдағы бокс? Ер адамдар күрессін", - деп жазды бір көрермен.

YouTube жазылушыларының көбі спортшыға сәттілік тілеп, алдағы жарыстардан алтын күтетінін жазып жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева