Геннадий Головкин Сауль Канело Альвареспен үшінші жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшының пікірінше, ол мексикалықпен текетіресте 2-0 есебімен алда тұр және Канело статистиканы нашарлатпау үшін көп нәрсе жасауы керек.
- Канело жеңіліп қалса, мексикалықтар қуанады деп ойлайсыз ба?
- Бұл туралы ойламадым. Бірақ екі тараптың да өз жанкүйерлері бар, оның ішінде Мексика жағынан да.
- Канело сізді зейнетке шығаратыны туралы айтылғандар мезі етті ме?
- Мен бұған мүлдем назар аудармаймын. Тіпті кейінгі уақытта оның айтқанын тыңдамаймын. Сондықтан бұл маған қызық болмады. Шын мәнінде, оның айтқанының бәрі маған қызық емес. Бұл - оның пікірі.
- Сіздің ойыңызша, бокс жанкүйерлерінің қысымы Канелоның жекпе-жекке келісуіне әкеп соқты ма?
- Менің ойымша, бұл қысым емес. Менің ойымша, бұл жекпе-жектің уақыты келді, ол Канелоға керек.
- Сіз Канелодан жеңсеңіз, бұл сіздің үшінші жеңісіңіз болады деп ойлайсыз ба?
- Солай деп ойлаймын. Канеломен текетіресте 2-0 есебімен алда тұрмын және Канело статистика 3:0 болмауы үшін көп нәрсе жасауы керек.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша ол 18 қыркүйекте, жексенбіде таңертең өтеді.
Сұхбаттасқан Vesti.kz тілшісі Юлий Милова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!