Боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль Канело Альвареспен (57-2-2, 39 КО) өтетін үшінші кездесуі туралы пікір білдірді. Ол әңгіме барысында өзін әйгілі Мұхаммед Әлиге теңестірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Канеломен үшінші кездесудің өтетінін білгенде не сезіндім? Әрине, жақсы көңіл күйде болдым. Бұл тарихи кездесу болады. ...Біз үшінші мәрте кездесеміз.
Өзімді салыстырып айтатын болсам, бұрын Мұхаммед Әлидің (Кен Нортон және Джо Фрейзермен) трилогиялары болды. Әйгілі боксшылар. Осыған қарап өзімнің бокс әлемінде қаншалықты сұранысқа ие екенімді көремін. Өткен шақтағы әйгілі боксшылар секілді", - деді Головкин SerEbro EnlosDeportes YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Головкин мен Канело арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді.