Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткізген үшінші жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Sportskeeda веб-сайтының мәліметінше, мексикалық боксшының үшінші жекпе-жекте алатын гонорары 45 миллион доллар, Геннадий Головкиндікі 20 миллион доллар. Бұдан бөлек, екі боксшы да pay-per-view ақылы көрсетілімнен түскен табыстың бір бөлігін алады.
Айта кетейік, кеше Головкин Лас-Вегас қаласында (АҚШ) төрешілердің бірауызды шешімімен Альварестен жеңіліс тапты. Боксшылар "Канелоға" тиесілі WBO, WBA, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдары үшін таласқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!