- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Головкин Канеломен жекпе-жекке...
Головкин Канеломен жекпе-жекке шыққаны үшін қанша гонорар алатыны айтылды
Elfinanciero басылымы алдағы трилогияның қорытындысы бойынша Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварестің гонорарларын атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Дереккөз мәліметінше, оларға жекпе-жек нәтижесіне қарамастан Matchroom Boxing промоутерлік компаниясымен арадағы келіссөз арқасында рингке шыққаны үшін миллиондаған гонорарға кепілдік берілген.
Геннадий Головкин 8 миллион доллар табады және PPV, басқа да қосымша кірістер есебінен жалпы 45 миллион долларға дейін алады.
Альварес GGG-мен жекпе-жек үшін 65 миллион долларға дейін алады, 10 миллионы - негізгі төлемі, ал қалғаны - хабар тарату құқығы, ақылы көрсетілім (PPV) және демеушілік.
Айта кетейік, бірінші жекпе-жекте Канело 40 миллион, ал Головкин 22 миллион табыс тапқан болатын. Екінші жекпе-жекте екеуі де 30 миллион табыс тапқан.
Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 18 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Олар бұған дейін де жекпе-жекке шыққан еді. 2017 жылы тең ойын болса, ал 2018 жылы мексикалық жеңіске жетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова