Головкин Канеломен жекпе-жекке дайындығын көрсетті

Головкин Канеломен жекпе-жекке дайындығын көрсетті
Фото: Instagram

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль Канело Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек алдында жаттығу лагерінен дайындығын көрсететін суретін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Трилогия 11 күннен кейін Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді. 

"Жаттығу лагеріндегі қорытынды апта", - деді ол Instagram-да.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Айта кетейік, екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) 17 қыркүйекте Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегін өткізеді. 

Олардың бұған дейінгі екі жекпе-жегі орта салмақ дәрежесінде өткен еді, біріншісі 2017 жылдың қыркүйегінде даулы есеппен тең аяқталса, бір жылдан кейінгі кездесу мексикалықтың пайдасына шешілген болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова