Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін аренаға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.
"Келдім", - деп қысқаша жазды Головкин Facebook-те.
Головкин мен Канело бүгін үшінші рет жұдырықтасады. Екі боксшы бұған дейін екі рет кездескен - біріншісінде тең есеп тіркелсе, екіншісінде Альварес төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!