Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль Канело Альвареспен үшінші жекпе-жегі үшін Лас-Вегасқа келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Головкин суретін Instagram-парақшасында жариялап, "Вегастамын. Жекпе-жек аптасына дайынбыз ?", деп жазды.
Еске салайық, трилогия 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Мексикалық спортшы иелігіндегі IBF, WBC, WBA Super және екінші орта салмақтағы WBO титулдарын сарапқа салады. Бұл Головкиннің осы салмақтағы дебют жекпе-жегі болмақ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!