Ертең Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05.00-де басталады және оны телеарналардың ресми сайттарынан да тамашалауға болады.
Басты жекпе-жек шамамен 8.00-ден кейін басталады.
Qazaqstan телеарнасының тікелей көрсетілімі
Qazsport телеарнасының тікелей көрсетілімі
Айта кетейік, үшінші жекпе-жек T-Mobile Arena-да өтеді, онда алдыңғы екі жекпе-жек те өткен болатын. Спортшылар 2017 жылы тең түскен еді, ал 2018 жылы Канело жеңді.
Еске салайық, бұған дейін GGG мен Канело салмақ өлшеу рәсімінен өткені хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!