Америкалық журналист Джек МакКаферри Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF чемпион белбеуінен бас тартқаннан кейін қазақстандық орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтановтың (18-0, 10 КО) болашағы қандай болатынын айтты. Маман қазақстандық титулдық жекпе-жекке қашан шығатын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін қазақстандық чемпионның заңгері оның бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жекте титулды қорғаудан бас тартқанын айтқан болатын. Сондай-ақ, GGG кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жекпе-жекте қорғауы керек WBA атағына да қауіп төнді.
"Головкин белбеулерге деген қызығушылығын жоғалтты. Енді оған басты шарт - үлкен боксшылармен ақшаға күрес. Бұл басқа болашақ боксшыларға мүмкіндік береді. Орташа салмақта IBF - бәсекеге қабілетті рейтинг. Алайда Казуто Такесакомен жекпе-жектің арқасында Нұрсұлтанов алға көтеріле алады", - дейді МакКаферри.
Айта кетейік, қазір жапониялық IBF орта салмағының рейтингінде 14-орында, ал Нұрсұлтанов бұл тізімде 7-орында. Олардың жекпе-жегі 15 сәуірде Оңтүстік Кореяда өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!