- Негізгі бет
- LifeStyle
- желі қызықтары
Голливудта кимешекпен қыдырған қазақ әже жұртты тәнті етті
Фото: Видео кадры
Оқырмандарына блогер апа лақап атымен танымал Нұржамал Қасымова парақшасына Лос-Анджелесте серуендеп жүрген видеосын салды. Видео желі қолданушылары арасында жылдам тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нұржамал Қасымованың ұлы отбасымен бірге Америкада тұрады. Ол ұлына қонаққа барып тұрады.
Ол жақында Лос-Анджелестегі Голливуд бойымен серуендеп жүрген видеосын бөлісті. Бұл видеода көпшіліктің назары әсіресе апаның үстіндегі кимешекке түсті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Апамның сұлулығының қасында Голливудтың сұлулығы көрінбей қалды ғой", "Нағыз әже", "Әдемі жарасып тұр", "Осы кісінің жолын берсін", "Қандай әдемі апа", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова