Ғизат Нұрдәулетов лауазымынан босатылды

Ғизат Нұрдәулетов лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Ғизат Нұрдәулетов туралы не белгілі?

Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасының тергеушісі болып бастаған. Кейін осы аудан прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

1996-1997 жылдары Мемлекеттік тергеу комитетінде аудандық бөлім бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, Алматы облысы бойынша МТК департаменті ұйымдастыру-кадр басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет етті.

1997-2017 жылдар аралығында ҰҚК бөлімшелерінде ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа, экстремизмге және терроризмге қарсы күрес саласында жұмыс істеді. 

2017 жылғы шілдеден бастап Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылғы наурыздан бастап Бас прокурор лауазымын атқарды.

2022 жылғы ақпанда Бас прокурор қызметінен босатылып, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

2023 жылы қыркүйекте Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып қайта тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз