- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Гипске таңылып қалдым"....
"Гипске таңылып қалдым". Ақбота Керімбекова аяғын сындырып алған
Танымал әнші Ақбота Керімбекова аяғын сындырып алғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Батыстағы судың беті қайтып жатыр дейді, оған да шүкір, бірақ, солтүстік әлі сенделісте сияқты… Күнделікті дұғамыз қарғын судың құрсауында қалған жұртшылыққа амандық тілеуден басталып жүр. Желі деген желөкпеге әртіс қауымының тек өнерпаздар қорына бөлген қаражатының тізбесі шығып кетіпті. Мінегіштер оны да мінеп жатыр. Тәуекел, көрсетіп берген көрініпті, көрсетпей атағанымызды Құдай көріп тұр, онан өзгесі бос және оның есебін беруге тырыспаймыз да… Мен оны айтайын деп емес, әншейінде бір концертте әзер қауышатын өнер адамдарының халық дегенде әп сәтте жұдырықтай жұмыла кетуіне осындай қилы кезеңдер сайын қуанамын. Ағалар ағалығын айтып, кейінгілер әдеппен қоштап, бас-аяғы жып-жинақы жоспар құрдық. Жау келгенде сүйегіне сүйенсе де түрегелетін баяғының батырларындай боп таяғына сүйеніп алып Розкабай (Роза Әлқожа) жүр базарда, осыдан бір жарым ай бұрын аяғын сындырып алса да… Әпкелеріміз жүр отбасы, ошақ қасындағы тіршіліктерін жұрт үшін тиып… Жастарымыз су мәселесі басталғаннан қиыр-қиырда жүр. Бірлік деген осы, ынтымақ деген осы, ағайын! Қалғанының бәрі мыжған әңгіме!.. Бізге бастысы - халқымыздың амандығы!
Ертең әріптестер батысқа жолға шығады. Сапта мен де бар ем, кеше тіземнің қалпақшасын сындырып алып, гипске таңылып қалдым. Әттең, жұртыма қорған боларға қаланып жатқан қорғаныш қабаттарға мен де жан терім шыққанша еңбек етіп, халықтың жанында болғым келген еді… Тәуекел!.. Бастысы, өздеріңізбен жүрегім бірге!", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Керімбекова денсаулығына байланысты жеке ән кешін кейінге шегергені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сырға салуға тілектер
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә