Шымкентте сот 55 жастағы Ресей азаматына қатысты қылмыстық істі қарады. Әйелге алаяқтық жасады деген айып тағылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іс материалдары бойынша, былтыр сотталушы қала тұрғынын жаңылыстырып, оған және оның үйіне дуа жасалғанын, оны алып тастау үшін "арнайы рәсімді" өткізу кезінде үйдегі барлық ақшаны өзіне беруі керек екенін айтқан. Ер адамнан 340 000 теңгені алған алаяқ қашып кетеді.
Сот отырысында жәбірленуші бұл соманы берген кезде "гипноз" арбауында болғанын көрсетті. Шығынды өтеуге байланысты, ер адам талап қоюдан бас тартып, қылмыстық істі тараптардың татуласуына байланысты тоқтауды сұрады.
Осы мән-жайларды ескере отырып, сот әйелді алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық жазадан босатты. Ресей азаматы сот залында қамаудан босатылды. Одан жәбірленушіге мәжбүрлі төлем ретінде 34 500 теңге және процессуалдық шығын ретінде 2 483 теңге өндірілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз