- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Гипертониядан қатерлі ісікке...
Гипертониядан қатерлі ісікке дейін: ауыздағы жағымсыз иіс қандай аурулардың белгісі болуы мүмкін?
Адамдар әдетте ауыздан шығатын жағымсыз иісті сағыз шайнау, арнайы спрейлер шашу және жалбыз дәмі бар кәмпиттер сору арқылы кетіруге тырысады. Алайда оның себебін анықтау маңызды. Себебі стоматолог Лилия Кузьменкованың айтуынша, жағымсыз иіс барлық кезде бірдей ауыз қуысының нашар гигиенасынан пайда болмайды. Кей жағдайда ол денсаулыққа қатысты проблеманың салдары болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru-ге сілтеме жасап.
Тамақтану
Кейбір азық-түліктен ауыздан жағымсыз иіс шығады. Мысалы, оларға мына өнімдер жатады:
- Сарымсақ;
- Алкоголь;
- Шалғам;
- Дәмдеуіштер;
- Пияз;
- Қақталған өнім.
Дәрігерден кеңес
Рационға көбірек көкөністер мен жемістер қосыңыз. Тісті жүйелі түрде және дұрыс тазартуға тырысыңыз. Ауыздағы жағымсыз иістен арылуға қалампыр жақсы көмектеседі. Бұл дәмдеуіш сондай-ақ тіс етіне пайдалы.
Диагноз
Ауыздан шығатын ерекше тәтті иіс диабеттік кетоацидоздың басталуын көрсетуі мүмкін. Бұл қант диабетімен ауыратындардағы қауіпті жағдай және ол жүрек талмасын немесе бүйрек жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін.
Сонымен қатар, ауыздан шығатын жағымсыз иіс гипертонияны немесе Шерген синдромын көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ ауыздан жағымсыз иіс көбіне асқазан-ішек ауруларында пайда болады.
Ал кейбір жағдайларда бұл симптом тілдің қатерлі ісігін көрсетеді.
Жағымсыз иіс көбінесе стоматологиялық аурулармен бірге жүреді. Мысалы, тісжегі, периодонтит. Сондай-ақ, бұл симптом созылмалы тонзиллитті көрсетуі мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова