Гинеколог әйелде гормоналды бұзылуды көрсететін 7 белгіні атады

Гинеколог әйелде гормоналды бұзылуды көрсететін 7 белгіні атады
Фото: Freepik.com

Соңғы кезде жиі ісініп, тері мәселелерін байқап жүрсіз бе? Сіздің гормондарыңыздың жағдайы нашарлағанын қалай дер кезінде түсінуге болады? Бұл сұраққа гинеколог Екатерина Волкова Telegram-арнасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кейде денемізден өзгеріс байқағанымызбен, оны өзіміз емдеуге тырысамыз немесе өзі жазылады деп үміттенеміз. Бірақ эндокриндік жүйе бүкіл денемен өзара байланыста және оған қатысы бар мәселелерді елемеуге болмайды. Өзіңізді нашар сезінудің негізгі себебін неғұрлым тезірек түсінсеңіз, жағдайды түзету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Гинекологтың айтуынша, көбінесе гормоналды жүйенің ауыр патологиясы жарқын белгі көрсетпейді.

Эндокриндік жүйе мәселесінің кейбір айқын белгілері:
 
Сүт бездері мен іштің ұлғаюы есебінен салмақ қосу. Бұл жағдайда қол мен аяқ арық болып қала береді, бұл дене пішімінің пропорциясын өзгертіп, түсініксіз етеді. Бұл белгі көбінесе бүйрек үсті безінің дұрыс жұмыс істемеуін көрсетеді. Дәл осындай диагнозы бар адамның іші мен жамбасында қып-қызыл жолақ пайда болуы мүмкін.

Басқа жағдайда ісіну гипотиреоздың немесе гиперпролактинемияның жалпы белгісі болып табылады. Сонымен қатар, қастың түсуі гипотиреоздің бір белгісі.

Терінің қараюы, әсіресе шап пен қолтық аймағында. Бұл белгі инсулинге төзімділікті білдіреді.

Аяқ, шынтақ, балтыр терісінің құрғақ болуы. Қабыршақтану инсулинге төзімділікті немесе гипотиреозды көрсетеді.

Гипертония, егер бұл жағдай қалқанша безінің гиперфункциясынан туындаса, әдеттегі емдеу қан қысымын төмендетуге көмектеспейді.

Тәбетіңіз жақсы болса да, себепсіз күрт салмақ тастау - бірінші типтегі қант диабетінің жиі кездесетін белгісі.

Осы белгілердің бірін байқасаңыз, не істеу керек?

Екатерина Волкова дәрігерге, оның ішінде эндокринологқа тезірек баруды ұсынды. Бұл белгінің барлығы басқа себептен туындауы мүмкін, бірақ оны толық тексеру ғана нақты анықтай алады.

Айта кетейік, бұған дейін гормондардың ағзадағы қызметі туралы хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тулақ шашу деген не?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә