Әйелдер аналық без қатерлі ісігінің алғашқы белгілерін көбіне шаршағандықпен немесе күйзеліс белгілерімен шатастыруы мүмкін. Бұл жайлы "Известия"-ға гинеколог Ольга Уланкина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ауру аса білдіртпей дамиды: жалпы әлсіздік пайда болуы мүмкін, тәбет жоғалады, салмақ тастайсыз. Бұл белгілерді әдеттегі шаршау немесе маусымдық хандра деп ойлап қалуыңыз мүмкін", - дейді дәрігер.
Дәрігер ісіктің өсуімен басқа да белгілер пайда болады, олар да басқа ауруларға ұқсас болуы мүмкін: мысалы, етеккір келген кездегідей іштің ауыруы және іштің кебуі.
Ауру кез-келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ бұл диагноз көбінесе 60 жастан асқан әйелдерге қойылады. Алайда ісіктің өсуіне не себеп болатынын болжау қиын. Ғалымдар жасөспірім кезінде етеккір тым ерте басталса немесе әйел ешқашан жүкті бола алмаса, аурудың ықтималдығы артады деп болжайды. Қауіп тобында семіздікке шалдыққандар, темекі шегетіндер және гормондарды ұзақ уақыт бойы қабылдағандар бар. Сондай-ақ аналық без қатерлі ісігінің шамамен 10% тұқым қуалайды.
Дәрігердің айтуынша, ауру жиі жоспарлы гинекологиялық тексеруден өткен кезде анықталады. Егер тексеріс нәтижелері бойынша дәрігер аналық без қатерлі ісігіне күдіктенсе, диагнозды нақтылау үшін CA 19-9, CA 125, NE4, қатерлі ісік эмбриональды антиген (EAA) және ROMA индексіне тест тапсыруды ұсынады.
"Сондай-ақ альфа-фетопротеин, В ингибині және белгілі бір гормондар деңгейін бағалау маңызды. Сонымен қатар биохимияның, қанның ұюының көрсеткіштерін тексеріп, зәр анализін өткізген де дұрыс", - деп түсіндірді Ольга Уланкина.
Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!