“Гей десе, гей боламын“. Актер Ерболат Әлқожа ешкімге айтпаған әңгімесін бөлісті

 “Гей десе, гей боламын“. Актер Ерболат Әлқожа ешкімге айтпаған әңгімесін бөлісті
Фото: instagram.com/erbolatalkozha

Белгілі актер Ерболат Әлқожаның шығармашылық өмірінде қандай жаңалықтар бар? Актердің төбе көрсеткен соңғы жобалары несімен ерекшеленеді? Massaget.kz тілшісі актермен сұхбаттасып, бірқатар сұрақтарға жауап алды. Бұл туралы Ерболат Әлқожа шығармашылық жиындардың біріндегі кулуарда әңгімеледі. 

"Ерболат Әлқожа - ОПГ басшысы"

Жақында жарыққа шыққан "2000-е...Стремяги" фильмінде Ерболат Әлқожа ОПГ (ұйымдасқан қылмыстық топ) басшысы рөлін сомдайды. Аталмыш фильмнің жабық көрсетілімінде берген жауабында ол бұл жоба оның сүйікті жобаларының қатарына кіретінін айтты.

"Фильм еліміздегі 2000-жылдарды суреттейді. Бұл фильмде бұрынғыларға ұқсамайтын ерекше рөлді сомдаймын. Сол жылдардағы ОПГ басшысын ойнаймын. Мен үшін өте ерекше жобалардың бірі болды. Жаныммен, іштей шынайы махаббатпен ойнаған рөлім болды. Көрермен өнерімізді бағалайды деп сенемін", - деп жауап берді ол. 

"Бақыт" фильмі актердің өміріне қалай әсер етті?

Ерболат Әлқожа 2023 жылы жарық көрген Баян Мақсатқызының "Бақыт" фильмінде басты рөлді сомдады. Актер бұл жобада жағымсыз кейіпкерді ойнап, кей көрермен жадында сол образымен ерекше есте қалды. Бұл фильмнен кейін актердің өмірі қалай өзгерді?

"Бақыт" фильмі өміріме өте жақсы әсер етті. Мен де халық мені жек көріп кететін болар деп ойладым. Асанәлі Әшімовті "Бекежан" образынан кейін көбі жек көріп кетті ғой. Сол сияқты мен де халықтың теріс реакциясына дайын жүрдім. Алайда, керісінше, бұл фильмнен кейін көп адам мені жақсы көре бастады. Көрген адамдар "оңбаған адамның рөлін ойнадыңыз ғой, сізге рақмет" деп өнеріме алғысын білдірді. "Бақыттан" соншалықты қорлық көрдім деп айта алмаймын. Бұл жобадан кейін, керісінше, шақыртулар, шетелдік жаңа жобаларға ұсыныстар көбейді. Шығармашылық серпіліс болды".

сурет: "Бақыт" фильмінен кадр

"Кез келген рөлге дайынмын" 

Актер болашақтағы жоспары және образдары жайлы ойын айтты. Ерболат Әлқожа кез келген образды сомдауға дайынмын деді. 

"Мен үнемі режиссерлерге кез келген рөлді ойнаймын деп айтамын. Маған бәрібір. Құл болса құлды, бай болса байды, батыр болса батырды, гей десе, гейді ойнауға дайынмын. Мен тек соны шығаруға ұмтыламын. Шын әртіс образ талғамауы тиіс. Актер әмбебап болуы керек. Бір образда қалып қоюға болмайды", - деп жауап берді ол. 

сурет: "Талақ" фильмінен кадр

Ерболат Әлқожа - қазақстандық танымал актер. Елімізге белгілі бірнеше жобаларда бой көрсеткен. Әсіресе ел арасында режиссер Асқар Ұзабаевтың "Бақыт" драмалық фильміндегі образымен есте қалды. Фильм тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған. Бұдан бөлек, "Талақ" және "Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында" сынды толықметражды фильмдерінде өнер көрсетті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Литпин