- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақорда туралы
Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Ақордаға келді
Фото:
Ақорданың баспасөз қызметі
"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті мен Германия Федералдық канцлері бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц келіссөз залына барды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина