Германияда Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ГФР Федералдық прокуратурасы мәліметінше, К.Сергей 28 сәуірде Берлинде Германия Федералды сотының тергеу судьясы берген ордер негізінде ұсталған. Сондай-ақ, күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жұмыстары жүргізілген.
Ер адам шетелдік барлау қызметінің мүддесі үшін әрекет етті деген күдікке ілінген.
Тергеу мәліметі бойынша ол 2025 жылғы мамырдан бері Ресей барлау қызметінің өкілдерімен байланыста болып, оларға түрлі ақпарат беріп отырған. Әңгіме Германияның Украинаға көрсететін әскери көмегі, сондай-ақ, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары, соның ішінде дрондар мен робототехника әзірлейтін компаниялар туралы болып отыр.
Бұдан бөлек, ол Берлиндегі қоғамдық нысандар мен Германия аумағындағы әскери колонналардың, соның ішінде НАТО елдері колонналарының суреттерін жіберіп отырған.
29 сәуірде күдіктіні тергеу судьясына жеткізу жоспарланған, осылайша бұлтартпау шарасы анықталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!