Тойда қазақ туын көтеріп билеген немістер көпшілікті тәнті етті. Видеодан қазақ ұлттық киімін киіп, билеп жүргендерді де көруге болады.
"Қазақстаннан Германияға көшіп кеткен немістер, туған жерін сағынып, тойларын қазақша өткізіп жатыр", - деп жазды shyndykz әлеуметтік парақшасы.
Желі қолданушылар өз кезегінде жарысып хабарламалар қалдырып жатыр.
"Қай жерінде мен Германиядамын барайын қонақ болып қазақша сөйлесетін адам таппай жүрмін";
"Немістерге Алла риза болсын,су ішкен құдығына ешқашан түкірмейді екен, рахмет көп көп!Бізде сіздерді жақсы көреміз";
"Айналайындарым-ай! Қазақстан деп соққан жүректеріңнен сол!" деп жазып жатыр көпшілік.