Германияда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ не дейді?

Германияда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ не дейді?
Фото: depositphotos.com

Германияда Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Германия Федеративтік Республикасында Қазақстан азаматы заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпаратқа байланысты Германияның құзыретті органдарына ресми сауал жолданған.

"Жауап күтіп отырмыз. Мәселе министрліктің бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Ал ГФР Федералдық прокуратурасы мәліметінше, К.Сергей 28 сәуірде Берлинде Германия Федералды сотының тергеу судьясы берген ордер негізінде ұсталған.

Тергеу мәліметі бойынша ол 2025 жылғы мамырдан бері Ресей барлау қызметінің өкілдерімен байланыста болып, оларға түрлі ақпарат беріп отырған. Әңгіме Германияның Украинаға көрсететін әскери көмегі, сондай-ақ, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары, соның ішінде дрондар мен роботтехника әзірлейтін компаниялар туралы болып отыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget