Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германияда Қазақстан азаматы жоғалғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылғы 5 маусымда Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына Қазақстан азаматтары 2024 жылғы 3 маусымда қызының жоғалып кетуіне байланысты арыз түсті. Бас консулдық осы істі өтініш келіп түскен сәттен соң ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскеннен бастап біздің дипломаттар жергілікті полицияға хабарласып, полиция жедел іздестіру іс-шараларын бастап кетті", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Германия заңына сәйкес қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді.
"Сондай-ақ қазақстандық тарапының іске тікелей араласуға құқығы жоқ. Дипломаттар жоғалған әйелдің туыстарымен тікелей байланысты. Қазір неміс тарапына бұл істің жеке бақылауға алу және барлық қолғабысты көрсету туралы арнайы хат жолданды. Жақын арада неміс тарапымен бірлесіп, (жоғалған әйелдің) туыстарына виза алып беру үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді ресми өкіл.
Еске салайық, бұған дейін Германияда тұратын қазақстандық экс-судья із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Бұл жайлы оның ағасы Қанат Майлыбаев айтқан.
Айгүл Сайлыбаеваның ағасы Қанат Майлыбаев әпкесі 3 маусымнан бастап байланысқа шықпағанына алаңдаулы. Ол ҚР СІМ Айгүлдің отбасына визалық қолдау көрсеткенін, олар дүйсенбіде Германия тарапынан визаны ресімдеуге жауап алуды асыға күтіп отырғанын атап өтті. Айгүлдің досы мен әпкесі жұбайы мен енесі оған қысым көрсетіп, кішкентай қызын тартып алғысы келетінін де жасырмады.
Жақындары айтқандай, Айгүл Сайлыбаева заңгерлер отбасынан шыққан. Әкесі – отставкадағы судья, ал анасы – адвокат. Айгүл ҚазМУ-дың заң факультетін үздік бітіріп, "Болашақ" стипендиясын иегері атанған. Астана аудандарының бірінде және басқа да мемлекеттік ведомстволарда судья болып жұмыс істеген.
Қанат Сайлыбаевтың айтуынша, ол Германияда жұбайы Александр Донцовпен, қызымен, қайын енесі Наталья Донцовамен бірге тұрады. Бес күн бұрын Айгүл хабарламаларға жауап беруді тоқтатқан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз