Германия Қорғаныс министрлігінде Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Берлинге ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізу үшін Германия Федералдық президентінің резиденциясына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев резиденциядағы Құрметті қонақтар кітабында естелік жазба қалдырды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз